KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 3 м/с, Ю
495.95 524.37 4.98

Өскеменде интернационалдық фэшн-шоу өтеді

Фото: @akimatoskemen

17.07.2023, 12:35 376 Мадина Амангелдіқызы

Өскеменде 18-20 шілде аралығында интернационалдық фэшн-шоу өтеді.

Бірінші рет өтіп жатқан халықаралық фэшн-шоу аймақ аумағында сән индустриясын ілгерілетуге бағытталған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы ақпарат қалалық әкімдіктің әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.

Шараға Орталық Азиядан келген дизайнерлер тартылған, ал бұл – құнды тәжірибе алмасуға және бөлісуге жақсы мүмкіндік. Қатысушы елдер: Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Ресей.

Фэшн-шоу дизайнерлер, жеткізушілер, саланың шығармашылық қайраткерлері жиналатын шара болмақ.

  "Жоба қоғамның киім үлгісі мен дизайнға деген қызығушылығын білдіреді және біріктіреді. Eurasian Fashion Show Орталық Азия мемлекеттерінің фэшн-индустриясы арасында достық коммуникациялық алаң құрады, жастардың киім үлгісі мен дизайнына деген қызығушылығын оятады, алған халықаралық тәжірибені енгізуге мүмкіндік береді. Eurasian Fashion Show өткізу Орталық Азия мемлекеттері мен Шығыс Қазақстан модельдері арасындағы тығыз ынтымақтастық процесін көрсетудің пәрменді құралы болып табылады", – делінген әкімдіктің хабарламасында.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу