Несиенің жылдық пайызы қазіргі 56 пайыздан төмен түсуі мүмкін
Фото: kanekt.ru
Елімізде несиенің жылдық сыйақы мөлшерлемесі қазіргі 56%-дан 40-42%-ға дейін төмендеуі мүмкін. Сенат қарап жатқан заң жобасының осындай жаңашылдығы бар, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
Бұған дейін Мәжіліс кейбір заңнамалық актілерге кредит беру кезіндегі тәуекелдерді азайту және қарыз алушылардың құқығын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын қабылдап, Сенатқа жолдаған болатын.
Жылдық тиімділік сыйақы мөлшерлемесі – қарыз алушының несиеге алған сома үстінен жыл бойы төлейтін артық ақша мөлшері. Яғни, оның ішіне банктің пайыздық мөлшерлемесі мен қызмет көрсету алымдары қоса кіреді.