KZ
Өскемен
-12°
туман жел 1 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Несие беретін ұйымдар жарнамада пайыздық мөлшерлемесін көрсетуге міндеттеледі

фото: orda.kz

16.01.2024, 16:12 86

Бұдан былай банктер мен микроқаржылық ұйымдар ұсынатын несиесін көпшілікке түсінікті тілде жарнамалауға міндеттелуі мүмкін. Яғни, жарнамада қарыздың жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі, жоғарғы және төменгі диапазоны нақты жазылуға тиіс, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі Informburo.kz сілтеме жасап.

Бастысы, берешек бойынша артық төлем сомасы көрсетілуі қажет. Төлемді кешіктерген тұтынушылар қандай жауапкершілікке тартылуы ықтимал екендігі де назардан тыс қалмауы керек.

Қазір қаржы нарығын реттеу агенттігі қазақстандықтардың қарыз жүктемесін азайтып, құқығын қорғауға бағытталған бірқатар бастама көтеріп жатыр.

Енді банктер жарнамасында қарыздың жылдық тиімді сыйақы ставкасын ашық жазуға міндеттелмек. Демек, тұтынушы қаржы ұйымымен келісімшартқа отырмас бұрын қарызды неше пайызбен алып жатқанын білуі шарт. Сондай-ақ, банктік берешек бойынша артық төлем сомасы да нақты көрсетілуі тиіс. Былайша айтқанда, несие беру тәртібін түсінікті тілде жазуы керек.

Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу