KZ
Өскемен
+31°
переменная облачность жел 3 м/с, В
474.83 515.38 5.5

Жастардың 5,5 мыңға жуық жобасына жеңілдетілген микрокредит беріледі

https://kmf.kz/

17.12.2023, 17:00 4 041 Назерке Каримова

Биыл жалпы 5 796 микрокредит беру жоспарланған. Қазірдің өзінде 5 496 жоба мақұлданды.

2023 жылғы 7 желтоқсандағы жағдай бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ға кәсіпкерлік бастамаларды іске асыру үшін жастарға берілетін жылдық мөлшерлемесі 2,5%-дық жеңілдетілген микрокредиттер алуға 7,4 мың өтінім түсті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. 

"Микрокредиттің мөлшері 5 млн теңгеге дейін, ал қатысудың ең ұзақ мерзімі – 5 жылға (кез келген мақсатқа) немесе 7 жылға дейін (мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін). Номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5%-дан аспайды.

Микрокредит алуға өтінімдердің ең көбі Түркістан (1014), Жамбыл (786), Қызылорда (642) облыстарынан, Астана (548), Шымкент (498) қалаларынан түсті", - деп жазды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен.

Конкурстық комиссиялардың шешімімен 5 496 жоба мақұлданды, оның ішінде 5 068 жобаны іске асыруға кредит берілді. Кредит алушылардың басым көпшілігі мал шаруашылығы, қызмет көрсету, сауда, өсімдік шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп саласын қамтыды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив