Қазақ қызы тұңғыш рет Эверест шыңына шықты
Фото: Kazakh Everest Team
Құрамында Анар Бурашева мен Мақсат Жұмаев бар «Kazakh Everest Team» командасы әлемнің ең биік шыңы – Эверестке (8848 метр) көтерілді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Қазақстандық команда 12 мамыр күні таңғы сағат 7:25-те Эверест шыңын бағындырды.
– 8000 метрден жоғары биіктіктегі дауыл мен боранға байланысты шыңды бағындыруға ниеттенген экспедициялардың көбі кері қайтты, тек бес елдің альпинистері Эверестке көтеріле алды. Олардың арасында біздің отандастарымыз бар – әлемнің ең биік шыңына шыққан тұңғыш қазақ қызы Анар Бурашева және альпинист Мақсұт Жұмаев, бұл оның Эверестке үшінші рет шығуы, – дейді «Kazakh Everest Team» баспасөз қызметі.
Жалпы, «Kazakh Everest Team» командасының шыңға көтерілуі бес тәулікке созылды.
– Қазір Анар мен Мақсұт төмен түсіп келеді. Альпинистердің жағдайы қанағаттанарлық, – дейді «Kazakh Everest Team».