Қазақстанда «қыз алып қашу» үшін жауапкершілік күшейтілді
Фото: pexels.com
Жуықта Мемлекет басшысы Парламенттің жаңа заңына қол қойды. Енді «қыз алып қашу» қылмыстық жауапкершілікке әкеледі , деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл сайтына сілтеме жасап.
Қабылданған заң – тек бір тармақты түзету емес, адам құқығы мен әйелдің еркіндігін қорғауға бағытталған маңызды қадам. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев бұл бастама 2023 жылдан бері көтеріліп келе жатқанын атап өтті.
Жаңа заң тек қыздарды ғана емес, олардың жанұясын, яғни әкелері мен ағаларын, қыздарын зорлықпен алып қашқан басқа да туыстарын қорғауға бағытталған. Бұл мәжбүрлі некенің жолын кесіп, гендерлік теңдікті нығайтуға мүмкіндік береді.
Ластаев атап өткендей, неке – екі тараптың тең әрі ерікті келісімімен ғана құрылатын одақ. Сондықтан біреудің еркіндігіне қарсы жасалған әрекет – қылмыс ретінде танылуы заңды құбылыс.