KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 6 м/с, ОШ
488.11 530.09 5.01

ШҚО-да әлеуметтік жобалардың іске асуын қоғам белсенділері қадағалайды

12.02.2024, 15:58 419

Қоғамдық бақылау еліміздің жалпыұлттық басымдықтары шеңберінде орындалатын жобалардың сапалы іске асырылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Олардың ішіне тұрғын үй құрылысы, инфрақұрылымдық объектілер салу және тағы да басқа маңызды салалар кіреді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ШҚО әкімі Ермек Көшербаев облыс бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Серік Мизанбековпен кездесуде атап өткендей, қоғамдық бақылау әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруда шешуші роль атқаруы тиіс. Бұл мәселеде үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтасу қажет.

Серік Мизанбеков жақын арада ШҚО бойынша адам құқықтары жөніндегі уәкілдің  жанынан Өңірлік кеңес құрылып, оған қоғам белсенділері кіретінін айтты.

Бұдан басқа, Қазақстанда «Жас омбудсмендер» жастар ұйымы құрылып, оның құрамына еліміздің барлық өңірлерінің өкілдері кіреді.

Айжанат Бақытқызы

Суреттер: Аяужан Утеулинова

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив