KZ
Өскемен
-10°
туман жел 2 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Сумен жабдықтауға қолжетімділік 98,3%-ды құраған – ШҚО

Фото: Шартты сурет

13.04.2023, 17:38 367

Биыл ТҮКШ саласында жалпы сомасы 8,2 млрд теңге болатын 30 құрылыс жобасы іске асырылмақ. 
Қазіргі таңда оның 15-і аяқталуға жақын. Осының арқасында қосымша 4 мыңнан астам адамды ауызсумен қамту мүмкіндігі пайда болады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. 
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ТҮКШ басқармасы құрылыс, энергетика бөлімінің басшысы Рауан Тұрысбек ауылды мекендерді сумен жабдықтаудың 12 жобасын жүзеге асыруға 3,6 млрд теңге бөлінгенін атап өтті. 
Сумен жабдықтау мен су бұру бойынша 15 жобаға 4,6 млрд теңге бөлінген. Риддер қаласындағы жобаға конкурстық рәсім жарияланбаған. Ал 5 жоба турасында мердігерлік ұйымдармен шарт жасасқан. Қалғандары бойынша мердігерлік ұйымдар әлі анықталу үстінде. 

"Жыл басынан бері облыс бойынша сумен жабдықтауға қолжетімділік 98,3%-ды құрады. Жоспарланған іс-шаралардың қорытындысы бойынша облыс халқының сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділігі 2023 жылдың соңына қарай 98,8%-ды құрайды,  деп сендірді Рауан Тұрысбек.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу