KZ
Өскемен
-10°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, В
507.05 594.82 6.51

ШҚО-да халықты таза сумен қамту 100%-ға таяды

19.12.2022, 17:39 744 Мадина Амангелдіқызы

ШҚО-да ауыл тұрғындарын орталықтандырылған сумен қамту биыл 95,4%-ға жетеді.

Жалпы облыс бойынша халықты таза сумен қамтамасыз ету 100%-ға таяды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Ағымдағы жылы өңірде 21,4 млрд теңгеге 27 жобаны іске асыру жоспарланған. Оның ішінде шағын ауылдарда суды тазарту мен таратудың 11 блоктық-модульдік станциясын (428 млн теңге) орнату жобасы бар. Жыл қорытындысы бойынша 18 нысан іске қосылады.

Биыл ауыл тұрғындарын орталықтандырылған сумен қамту 93,2% - дан 95,4% - ға дейін артады, ал жалпы облыс бойынша халықтың таза сумен қамтамасыз етілуі 98,4% - құрайды.

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу