KZ
Өскемен
+20°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОБ
443.37 474.49 4.83

ШҚО-да сотталып шыққандарды жұмысқа алып жатыр

23.05.2023, 19:00 240 Мадина Амангелдіқызы

ШҚО-да пробация есебіндегі 10-нан астам сотталған азамат жұмысқа тұруға мүмкіндік алды.

Облыс орталығында пробация қызметінің есебінде тұрған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарға арналған жалпы қалалық бос орындар жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты Polisia.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Жалпықалалық жұмыспен қамту жәрмеңкесі – бүкіл облыс бойынша жұмыс берушілерді және жұмыс іздеп жүргендерді біріктіретін ауқымды шара. Шараның ұйымдастырушылары – жергілікті атқарушы орган мен Өскемен қаласы халықты жұмыспен қамту орталығы.

Жәрмеңке жұмысына 20-дан астам жұмыс беруші қатысып, 150-ден астам бос жұмыс орнын ұсынды.

Көптеген ұйымдарға жүргізушілер, дәнекерлеушілер, слесарьлар, тамақтандыру саласы бойынша қызметкерлер қажет. Медициналық мамандар да сұранысқа ие.

– Бұл – биылғы екінші жәрмеңке. Бүгінгі таңда құрылыс, денсаулық сақтау, өндіріс, қоғамдық тамақтандыру саласында кадрларға сұраныс бар. Сондықтан біз бүгінгі күні бос жұмыс орындары бар жұмыс берушілерді шақырдық, – деп атап өтті Өскемен қаласының пробация қызметінің аға инспекторы Ажар Оразғалиева.

Айта кетсек, жәрмеңке соңында пробация қызметінде есепте тұрған 10-нан астам адам жұмысқа орналасу үшін жолдама алды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив