KZ
Өскемен
+3°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
484.11 528.79 5.03

Полиция интернет-алаяқтықтың көп таралған түрлерін атады – ШҚО

Фото: Шығыс ақпарат

8.06.2023, 21:26 289

Полиция қызметкерлері интернет-алаяқтықтың ең өзекті, жиі кездесетін түрлерін атады.

Интернеттегі қызмет, тауар құнын алдын ала төлеу, салымдар мен инвестиция туралы жалған ақпарат, банк қызметкерлері атынан қоңырау шалу көп тараған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– Интернет-алаяқтықтың әдістері мен түрлері көп және әр уақыт сайын күрделене түседі. Ең танымал және өзекті түрлерге тоқталатын болсақ, ашық интернет алаңдарында, мысалы, «OLX», «Колеса», «Крыша» және әлеуметтік желілерде кездесетін тауарға немесе қызметке алдын ала төлем жасау арқылы, қаржылық жағдайын жақсарту мақсатында «пайдалы салым» немесе «инвестицияларға» құрбан болу, «Банк қызметкерлерінің» атынан қоңырау шалып, жәбірленушінің атына немесе шоттарына күмәнді операциялар жүргізіліп жатқандығы туралы сендіріп, осылайша алдау және сенімге қиянат жасау арқылы олардың аттарына несиелер рәсімдейді немесе барлық қолда бар ақшалай жинақтарды толығымен алып алады, жәбірленушілерге қоңырау шалып, өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері деп таныстыра отырып, танысы немесе жақын туысы проблемалық жағдайға тап болғанын және оны шешу үшін белгілі бір ақша қажет екенін айтады, – деп мәлімдеді Өскемен қалалық ПБ Жедел-криминалдық полиция бөлімі бастығының орынбасары Азамат Рахадылов.


            

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив