150-ге жуық Семей тұрғыны алаяқтардың арбауына түскен – Полиция департаменті
Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы Сағат Мадиев «Online» форматта өткізілген есеп беру кездесуі барысында ШҚО-да алаяқтық фактілерінің (20,5%) көбейіп кеткендігін хабарлады. 2020 жылы қылмыстар құрылымындағы олардың үлес салмағы 12-ден 20%-ға дейін артқан, бұл әрбір бесінші қылмыс алаяқтық қылмысы екендігін көрсетеді.
- Карантин кезеңінде тауарларды интернет арқылы сату және сатып алу күрт өсті, осы жағдайды алаяқтар оңтайлы пайдаланды. Олардың әрекеттерінен зардап шекеттендердің саны 2,5 есеге өсті (немесе 64,4%-ға, 1 351 фактіге, 2019 жылы - 822 факті). Сондай-ақ, әрбір интернет алаятықтың екіншісін облыстан тыс (492) және Республикадан тыс жерлердегі (246) адамдар жасаған. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 146 интернет алаяқтық әшкереленді, олардың 288 эпизоды дәлелденді, -деп хабарлады С.Мадиев.
ШҚО бас полицейі облыс тұрғындарын кредит беру немесе күмәнді операцияларға ақшалай қаражат салу туралы ұсыныстарға сақтықпен қарауға шақырды.
- Кейбір азаматтар оңай табыс табу жолында осындай ұсыныстарға келісіп, соңында алаяқтардың құрбанына айналады. Мысалы, Семей қаласында полиция қызметкерлері үш адамнан тұратын топты әшкерелеген («Нұр-Қаржы» ЖШС, іс бойынша 143 адам жәбірленуші болып танылған), олар 140-тан астам азаматты алдап, 35,5 млн. теңгені иемденіп алған (қылмыстық іс сотқа берілді), - деп атап өтті шығыстың бас полицейі.
С.Мадиев облыс орталығында соңғы екі жылда ашалай қаражат салғаны үшін жоғары пайыз ұсынған және 22 адамның жалпы сомасы 484 млн. теңге ақшалай қаражатын иемденген 26 жастағы күдіктінің ұсталғанын айтты.
Сонымен қатар, ШҚО ПД бастығы полиция әлеуметтік желілерде алаяқтықтың профилактикасы бойынша бейнероликтер жариялау арқылы БАҚ-та алаяқтықтың алдын алу жұмыстарын белсенді жүргізіп жатқандығын тілге тиек етті.