Iqanat олимпиадасы: ШҚО-дан үш оқушы жолдама алды
Фото: Аяужан Утеулинова
Астанада Iqanat олимпиадасының финалдық кезеңі өтті.
Республикалық додада Шығыс Қазақстанды ауылдық жерлерден келген 36 оқушы таныстырды. Олардың үшеуі IQanat мектебінде тегін оқуға шақыру алды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Еліміздегі ең ауқымды офлайн-олимпиаданы IQanat қоғамдық қоры ұйымдастырады. Оның қызметі Қазақстанның барлық өңірлеріндегі ауыл оқушылары мен мұғалімдерін қолдауға бағытталған. Қоғамдық ұйымның жұмысы білім беру және әлеуметтік саясат саласындағы сарапшылардың қатысуымен Қамқоршылар мен демеушілердің жарналарының арқасында мүмкін болды.
Олимпиада бірнеше кезеңнен тұрады. Бірінші турға қатысушылар, аудандық, когнитивтік пәндер бойынша тестілеуден өтеді.
Осыдан кейін облыстық кезеңде тестілеу сідің тобыңыздың тізіміне кіретін нақты пәндер бойынша жүргізіледі. Оқушы ең жақсы нәтиже көрсеткен пәндердің бірі үшінші турдағы тестілеуде негізгі пән болады. Сондай-ақ барлық қатысушылар үшін қорытынды турдың екінші міндетті пәні - ағылшын тілі. Қорытындылаудан кейін ең үздік нәтиже көрсеткен оқушылар IQanat High School of Burabay мектебінде оқуын жалғастыруға мүмкіндік алады.
Соңғы бес жылда 160 мыңнан астам ауылдық оқушы сапалы білім алуға бірегей мүмкіндікке ие болып отыр. Биыл сегізінші сынып оқушыларының ішінен еліміздің 166 ауданында 800-ден астам оқушы іріктеліп алынды, оның ішінде біздің өңірден - 36 қатысушы.
Республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша 110 жеңімпаз IQanat мектебінде тегін оқуға жолдама алды. Олардың қатарында ШҚО-дан үш оқушы бар.
Қалған қатысушылар да олимпиададан кейін білім беру бағдарламаларымен қамтылады, бұл оларға білімін одан әрі арттыруға жағдай жасайды.