KZ
Өскемен
+1°
переменная облачность Штиль
481.84 531.33 5.07

Бүгін Өскеменде кітап фестивалі өтеді

Фото: egemen.kz

15.09.2023, 15:55 169

Жалпы республикалық кітап фестивалінің аясында Өскемен қаласында «Kitaptime – 2023» шарасы ұйымдастырылады.

Бұл күні кітап сүйер қауым үшін бірқатар шара өтеді деп жоспарланған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Шара аясында қаладағы кітап дүкендері мен баспаларының кітаптары сатылатын жәрмеңке өтеді. Сонымен қатар, жастарға арналған жаңа кітаптардың көрмесі, Өскемен қаласындағы жас жазушылармен кездесу, иммерсивті серуен ұйымдастырылады. Одан өзге, Book-кафе бойынша сұхбат және тағы бірқатар шара жоспарланған.

Фестиваль 15 қыркүйек сағат 16:00-де Арбат алаңында басталады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив