Отбасы күніне қатысты шаралар өтеді – Өскемен
Фото: Шартты сурет
БҰҰ Бас Ассамблеясының 1993 жылғы қарары бойынша жыл сайын 15 мамырда Отбасы күні атап өтіледі.
Осы атаулы күн қарсаңында Өскеменде арнайы іс-шара өтеді. 13 мамырда сағат 11.00-де Солжағалау кешеніндегі «Этнопаркте» іс-шара жоспарланған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Қалада «Отан отбасынан басталады» атты фестиваль өтеді.
Іс-шара аясында отбасылық ұжымдар қатысатын концерттік бағдарлама, спорттық отбасылық эстафеталар, қолөнершілер жәрмеңкесі, қолдан жасалған ойыншықтар мен кәдесыйлар сатылымы, Өскемен қаласындағы көркемсурет мектебінің тәрбиеленушілері салған суреттердің көрмесі ұсынылады.