KZ
Өскемен
-9°
туман жел 1 м/с, В
523.86 544.34 5.11

«Miras» аймақтық кеңесі отырысында мемлекеттік тілдің мәселесі көтерілді - ШҚО

Фото: «AMANAT»
Фото: «AMANAT»
28.09.2023, 17:43 195

«Miras» аймақтық кеңесі отырысында мемлекеттік тілдің мәселесі көтерілді.

«AMANAT» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы «Miras» аймақтық кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.

Жиында Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мақсатындағы жүзеге асырылып жатқан іс – шаралар бойынша ШҚО мәдениет басқармасының есебін тыңдады.

- Мемлекеттік тілдің ұлтаралық қатынас тілі ретіндегі рөлін күшейту мақсатында жыл басынан бері облыстық деңгейде әртүрлі форматтағы 171 шара өткізілді. ШҚ Лингвистика орталығы Өскемен қаласы бойынша 23 мекемемен келісім шарт негізінде қызметкерлерге мемлекеттік тілді тегін оқыту курсын жүргізеді. Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау мақсатында қалалар мен аудандардан түскен 793 өтінім негізінде ҚР Ұлттық тестілеу орталығы облыста ағымдағы жылғы қазанда диагностикалық «Қазтест» өткізуді жоспарлап отыр,- деді Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Самат Қасенов.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу