KZ
Өскемен
-2°
небольшой снег жел 4 м/с, З
494.87 520.65 4.91

Зағип жандарға арналған қазақша кітаптар қоры жыл сайын толықтырылады - ШҚО

Фото: egemen.kz

27.09.2023, 11:46 287

ШҚО-да қазақ тілін үйретуге бағытталған шаралар атқарылып келеді. Облыс әкімдігінде өткен жиында осы тақырып туралы бірқатар мәлімет айтылды.
Облыстағы зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапханада қазақ және орыс тілдеріндегі кітаптардың қоры жыл сайын толықтырылып отыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– Жыл басынан бері мемлекеттік тілдің ұлтаралық қатынас тілі ретіндегі рөлін күшейту мақсатында облыстық деңгейде әр түрлі форматта 171 іс-шара өткізілді. Зағиптар мен нашар көретін азаматтарға арналған облыстық кітапхана «Қолжетімді оқудың жаңа көкжиектері» моножобасы шеңберінде бүкіл өңірде теңдесі жоқ тифлокешенді пайдалана отырып жыл сайын мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған кітаптардың қорын толықтырып келеді, – деді Мәдениет басқармасының басшысы Нұрболат Ахметжанов.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу