KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 2 м/с, СШ
481.68 522.48 5

Өскемендегі кітапханада Республика күніне орай көрме ашылды

16.10.2023, 18:06 452

Өскемендегі А.Пушкин атындағы облыстық кітапханада Республика күніне орай экспозиция ашылды.

Онда 1990 жылы 25 қазанда «Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданғаннан кейінгі түрлі саладағы өзгерісті баяндайтын кітаптар қойылған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

  "Көрмеде қазақстандық авторлардың кітаптары қойылған. Оның ішінде Медеу Сәрсекенің Семей полигоны туралы баяндайтын «Семей қасіреті» деректі кітабы бар. «Қазақстанның ғарышкерлері» ақпараттық анықтамалығында республика егемендігін алған алғашқы жылдарда ғарышкерлер көрсеткен ерлік баяндалған. Ал «Народ Казахстана: История и современность» жинағында елде тұратын ұлыстардың достығы көрсетіледі. Бақыт Қайырбековтің «Көшпенділер әлемі» кітабы мен Зира Наурызбаеваның «Қазақтардың Мәңгілік аспаны» кітабы қазақ мифологиясының, дәстүрі мен салтының тереңіне бойлатады", – деп жазылған аталған кітапхананың баспасөз қызметінің хабарламасында.

Көрмеде Ербол Шаймерденов, Бақыт Қайырбеков және өзге де отандық авторлардың шығармалары қойылған.

Кітапхананың баспасөз қызметінің дерегінше, кітап көрмесі елдің тарихы мен мәдениетіне сый-құрмет көрсетуге, келушілерге Қазақстанның тарихы, халқы мен дәстүріне, жеткен жетістіктеріне арналған әдебиеттің түрлі үлгілері жайлы ақпарат беруге бағытталған.

      

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив