KZ
Өскемен
+5°
пасмурно жел 2 м/с, В
441.58 480 4.86

Өскеменде Республика күніне арналған шаралар легі басталды

16.10.2023, 19:04 1 169 ALTAINEWS

Облыс орталығындағы Оралхан Бөкей атындағы қалалық кітапханада Республика күніне арналаған шаралар легі басталып кетті.

Кітапханада 16-24 қазан аралығында түрлі көрмелер, викториналар және басқа да іс-шаралар ұйымдастырылмақ, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бүгін аталмыш кітапханада еліміздің даму жолы баяндалған кітап көрмесі ашылды. Яғни қазақ хандығынан бастап, бүгінгі күнге дейінгі тарихи оқиғалармен осы кітап көрмесінде танысуға болады.

Көрме бірнеше бөлімге бөлінген. Бірінде хандар мен билерден бастап, мемлекетіміздің толықтай тарихы, екіншісінде еліміздің дамуына өз үлестерін қосқан қайраткерлер туралы болса, үшіншісі спорт пен ғарыш саласындағы жетістіктерге арналған. Сондай-ақ өнер мен мәдениет тақырыбында да арнайы бір бөлім бар. Соңғы екі бөлімге батырлар мен Мұхтар Әуезов, Ілияс Есенберлин және басқа да белгілі қаламгерлердің туындыларын қойдық,  дейді кітапхана қызметкері Руслан Бабиров.

Кітап көрмесінен басқа, қонақтарға интерактивті ойындар да ойнатылады. Онда оқырман Қазақстанның киелі жерлері бойынша карталар жасауы қажет.

#republicdaykz #kzdayrepublic 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив