Білім мекемесінің басшысы жан-жақты қабілетті адам болуы керек – министр
Елімізде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша кәсіби көшбасшыларды іріктеу және даярлау үшін «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасы қолға алынды. Бұл туралы ШҚО-ға жұмыс сапарымен келген Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты.
Оқу-ағарту министрі білім саласына серпін беретін тетіктің бірі сапалы менеджмент екенін айтып өтті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Биыл осы мақсата кәсіби көшбасшыларды іріктеу және даярлау үшін арнайы жоба пилоттық режимде іске қосылған екен.
Оқу-ағарту министрі кез-келген білім мекемесінің басшысы өз орнында бес жылдан көп отырмауы керек деген ұстанымды қолдайтынын жеткізді.