KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
495.2 522.34 4.94

Педагог этика бұзды деген сөздің өзі ақылға қонымсыз - Ғани Бейсембаев

10.11.2023, 11:00 239 Оразай Жеңісұлы

Биыл Шығыс Қазақстан облысында 11 педагог тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Бұл туралы білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының міндетін атқарушы Айгүл Байжанова айтты.

Жыл басынан бері педагогикалық этиканың бұзылуына байланысты 13 арыз түскен. Өскеменде - 4, Глубокое ауданында - 4, Самар,  Алтай, Шемонаиха аудандарында бір-бір педагог тәртіптік жауапкершілікке тартылыпты, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі. 

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мұндай жағдайға мүлде жол бермеу керектігін айтты.

— Білім саласына кездейсоқ келген адамдардан құтылу керек. Педагог этика бұзды деген сөздің өзі ақылға қонымсыз. Оқу-ағарту өкілдері өзгеге үлгі болуға тиіс. Сондықтан білім басқармасы департаментпен бірлесіп осы бағыттағы жұмысты күшейтуге тиіс, — деп тапсырды министр.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен оқу-ағарту министрі келді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу