KZ
Өскемен
-10°
туман Штиль
525.11 546.74 4.88

Еңбек министрі мен ШҚО әкімі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

10.11.2023, 18:00 345

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мен ШҚО әкімі Ермек Көшербаев Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының қызметін трансформациялау жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Бірлескен жұмыс аясында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында ішкі процестерді автоматтандыру бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыру көзделеді. Цифрлық технологияларды қолдану тиімділік пен ашықтықты қамтамасыз етуге, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Осылайша, Шығыс өңірі жоғарыда аталған пилоттық жоба іске асырылатын екінші өңір болды. Оған 2100-ден астам арнаулы әлеуметтік қызмет алушыларды қамтитын 10 орталық тартылатын болады.

Пилоттық жоба аталған орталықтар қызметінің барлық процестерін автоматтандыруды қамтамасыз ететін арнайы ақпараттық жүйені пайдалану арқылы іске асырылады. Атап айтқанда, арнаулы медициналық-әлеуметтік қызметтер көрсету, оңалтудың жеке бағдарламаларын жүргізу, орталықтарды күтіп ұстау, қойма қорларын есепке алу, персоналды жұмыспен қамту және тағы да басқа мәселелер.

Пилоттық жобаны іске қосу шеңберінде орталық қызметкерлерін ақпараттық жүйемен жұмыс істеуге оқыту ұйымдастырылады.

- Цифрлық технологияларды қолдану әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы барлық рәсімдердің, стандарттар мен талаптардың орындалуын автоматты түрде қадағалауға және құжаттауға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде заңнаманы қатаң сақтауға және жұмыста ашықтықты арттыруға ықпал етеді. Алдағы уақытта бұл жобаны басқа өңірлерге де тарату жоспарлануда, – деді Светлана Жақыпова.
 

Автор: Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу