KZ
Өскемен
-4°
туман Штиль
485.04 525.98 5.04

Мүгедектігі бар жандарға күтім жасайтын туысы мемлекеттен айлық алады

Фото: standard.kz

29.06.2023, 17:18 172 Ләззат Қанатқызы

Елімізде мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсету ісіне олардың отбасы мүшелерін ақылы негізде тарту көзделіп отыр.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

– Мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсету ісіне олардың отбасы мүшелерін тарту көзделіп отыр. Бұл ретте отбасы мүшесі жеке көмекші ретінде рәсімделеді. Бұл жұмысқа еңбекақы төленеді және осы кірістен әлеуметтік төлемдер мен зейнетақы жарнасы аударылады. Тағы бір өзгеріс – арнаулы әлеуметтік қызметтердің жаңа стандарттарын даярлап, жан басына шаққандағы нормативтерді енгізу. Оның мөлшері қызметтер үшін жеке норматив, ал компенсаторлық техникалық құралдар үшін – шектеулі бағалар түрінде жіктелетін болады. Бұл өзгерістер, бір жағынан, кейбір жекелеген қызмет немесе тауар түрлерін монетизациялауға алып келеді және арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге жеке секторды кеңінен тарту арқылы саланың инфраструктурасын ауылдық жерге дейін жеткізуге мүмкіндік береді, – деді вице-министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Айтуынша, Әлеуметтік кодекстің жаңартылған нұсқасы бойынша, жергілікті атқарушы органдар жанынан құрылған комиссияларға жаңа құзырет беру көзделіп отыр.

 – Әлеуметтік кодекс аясында әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын талап пен мәртебесі көтеріледі. Осылайша, әлеуметтік жұмыспен біліктілігі тәуелсіз бағалаудан өткен сертификатталған мамандар ғана айналыса алады. Кәсіби біліктілігі, көрсетілетін қызмет түрі мен сапасы туралы толық ақпараттан тұратын әлеуметтік қызметкерлердің тізілімі әзірленетін болады. Сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің біліктілік деңгейі, санаты мен ерекшеліктері ескеріле отырып, әлеуметтік сала қызметкерлерінің еңбекақы төлеу жүйесі қайта қаралады, – деді Ақмәди Сарбасов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив