KZ
Өскемен
-7°
небольшая облачность жел 3 м/с, СБ
495.28 518.41 5.44

Зейнеткерлікке смс-хабарлама арқылы шығуға болады

4.09.2019, 05:34 351

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы зейнеткерлікті проактив әдісімен рәсімдеу бойынша пилоттық жобаны іске қосты. Дегенмен бұл қызмет әзірге тек зейнет жасына жеткен корпорация қызметкерлеріне ғана қолжетімді.

– Аталған пилоттық жобаны жүзеге асыру жөніндегі бірлескен бұйрыққа еліміздің Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктері қол қойды, – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының ШҚО бойынша филиалы директорының міндетін атқарушы Азамат Есембұлов. – Жоба әзірге «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының зейнет жасына жететін қызметкерлерін қамтиды. Бүгінде корпорацияда 22 мың қызметкер еңбектенеді.

Зейнеткерлікке шығу барысында дәстүрлі түрде ХҚО арқылы жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін тағайындау мемлекеттік қызметтері рәсімделеді. Бұдан былай халыққа қызмет көрсету орталығына бару қажеттілігі болмайды.

– Зейнет жасына толғанға дейін 10 күн бұрын болашақ зейнеткерге қызметті проактивті түрде рәсімдеуге ұсыныс білдіретін смс-хабарлама жолданады. Келісім берілген жағдайда, кадр бөліміне алдын ала тапсырылған құжаттар электронды түрде жауапты мемлекеттік органның мақұлдауына жіберіледі, – деп қосты жауапты тұлға.

Айта кетейік, зейнеткер жұмыс берушісінің кадр бөліміне алдын ала еңбек өтілі, зейнеткерлік жүйеге қатысуы сияқты мәліметтерді ұсынады, бұл ақпарат, өз кезегінде, еңбек келісімдерін есепке алу бірыңғай жүйесіне енгізіледі. Қазіргі уақытта, аталған әдіс арқылы мемлекеттік корпорацияның екі қызметкері зейнеткерлікке шығып үлгерген.

Ұйымдастырушылар пилоттық жоба қорытындысы бойынша оны өзге мекемелерге тарату бойынша шешім қарастырылатынын атап өтті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу