«Инватакси» қызметінің сапасы артты - ШҚО
Фото: astana.gov.kz
ШҚО-да мүмкіндігі шектеулі жандарды тасымалдау үшін «Инватакси» қызметінің 11 автокөлігі жұмыс істейді.
Қызметтің бұл түрімен Өскемен қаласы, Алтай, Күршім, Шемонаиха аудандарынының ерекше жандары қамтылған, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
- Биыл осы мақсаттар үшін облыста 46 млн теңге бөлінген. Соның нәтижесінде «Инватакси» қызметіндегі көліктердің саны 2022 жылмен салыстырғанда 36,3 пайызға өсті. Бұл мұқтаж жандардың сұраныстарын барынша сапалы әрі жылдам орындауға мүмкіндік беріп отыр, - дейді облыстық жұмыспен қамту және бағдарламаларды үйлестіру басқармасы ардагерлермен және мүгедектігі бар адамдармен жұмыс жөніндегі бөлімнің басшысы Динара Мұратханқызы.
Бөлім басшысының айтуынша, өңірде облысаралық, ауданаралық, ауданішілік және қалаішілік маршруттарға қызмет көрсету үшін жұмылдырылған 700-ден астам көліктің 59–ы (Өскемен қаласының қалаішілік 43 автобусы, 16 қалааралық автобус) жүріп-тұруы қиын жандардың қажеттіліктеріне қарай бейімделген екен.
Оқи отырыңыз