KZ
Өскемен
-5°
туман жел 1 м/с, ОШ
508.3 592.17 6.63

Сайлау күні арнайы инватакси қызметі ұйымдастырылады - ШҚО

3.03.2023, 15:20 493 Ләззат Қанатқызы

Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауында мүмкіндігі шектеулі жандар үшін барлық қажетті жағдай жасалады.

ШҚО-да сайлау күні ерекше қажеттілігі бар дауыс берушілер тұратын қалалар мен ауылдарда арнайы инватакси жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.


- ШҚО-ның ерекше қажеттіліктері бар азаматтар тұратын 13 елді мекенінде инватакси қызметі ұйымдастырылады. 113 учаске үшін сурдоаудармашылар тартылады, - деді ҚР ОСК.

Айта кетейік, Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, өңірде 500 - ге жуық сайлау учаскесі бірінші қабаттарда орналасқан, 470 - тен астамы пандустармен, 480-нен астам тактильді көрсеткіштермен жабдықталған. 424 учаскеде тірек-қимыл аппараты функциялары бұзылған сайлаушылар үшін жасырын дауыс беруге арналған кабиналар болады. 500-ден астам учаске мүгедектігі бар адамдарға арналған бұрыштармен жабдықталады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу