KZ
Өскемен
-7°
туман жел 3 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Зайсанда «Қазақстан барысына» іріктеу жарысы өтті

29.03.2024, 20:30 3 346 Қызырбек Дүргінбайұлы

Елімізде соңғы уақытта ұлттық спортқа ерекше көңіл бөлініп, жастарға үнемі дәріптеледі. Соның ішінде қазақ күресі ұлттық спорттың төрінен орын алып, жыл сайын қарқынды түрде дамып келе жатыр.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп тұратын «Қазақстан барысының» өңірлерде іріктеу кезеңі басталды. Зайсан қаласында «Зайсан барысы» өтіп, жасөспірімдер 7 салмақ бойынша белдесті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Балуан болуға бел буған 2007-2009 жылы туған жасөспірімдер 7 салмақ бойынша күресіп, - 80 кг салмақ бойынша «Өгіз балуан», +80 кг салмақ бойынша «Түйе балуан» анықталды.

– Жастарымыз білімді де білекті болса, бағындырар белесі де көп болмақ. Балуандар бозкілемде қарсылас болғанымен, өмірде бір-біріне қамқор болуы керек. Себебі бірлік бар жерде ғана жеңіске жете аламыз. Бүгінгі жарысқа ауданымыздың белді-белді балуандары жиналыпты. Ең мықты балуан жеңімпаз атанып, ауданымыздың намысын асқақтатсын, –  дейді Зайсан аудандық мәслихат төрағасы Еркебұлан Зағыпаров.

Бозкілемде күш сынасқан балуандардың бәрі де білекті, бәрі де жүректі. Жарысқа жиналған ауданның балуандары тарысты белдесу өткізіп, өзара мықтыны анықтады. Белдесудің нәтижесінде Зайсан қаласының балуаны Архат Ришатов «Өгіз балуан» атанса, тағы бір зайсандық балуан Қарқын Қасиет «Түйе балуан» атанды. Өзге балуандар да ерекше шеберлікпен жеңіске қол жеткізіп, жүлделі орындарды еншіледі.

 

 Фото: Зайсан ауданының әкімдігі

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу