Зайсандық палуан қазақ күресінен Азия кубогінде жүлдегер атанды
![](/kz/uploads/posts/2023-12/whatsapp-image-2023-12-01-at-18_03_06.webp)
Жыл санап елімізде ұлттық спорт дамып келеді.
Тәуелсіздік жылдарында қазақ күресі өңірлерде қарқынды түрде дамыды. Соның бір дәлелі – күні кеше Зайсандық балуан Азия кубогінде жүлдегер атанды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Зайсандық палуан Бекжан Тоқтарбеков қазақ күресінен Қабден Шыңғысовты еске алуға арналған Азия кубогінде ІІІ орын ие болып қайтты.
– Қазақ күресінен 2006-2007 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы Қазақ Кеңесінің Соцаиалстік Республикалық Халық ағарту ісінің озық қызметкері, “Еңбек Қызыл Ту” орденінің иегері Қабден Шыңғысовты еске алуға арналған Азия кубогінде Зайсан аудандық “Бұқаралық спортты дамыту орталығының” спортшысы 50 келі салмақ дәрежесінде Тоқтарбеков Бекжан ІІІ орын иеленді, – деп жазды Зайсан ауданы әкімдігі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.