KZ
Өскемен
-11°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Соңғы бес жылда балықтандыру көлемі 7 есеге ұлғайды – ШҚО

Фото: depositphotos.com

18.07.2024, 10:21 172 Ержан Әбіш

Шығыс Қазақстан облысында жыл сайын су айдындарына балық жіберу көлемі ұлғайып келеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен балық шаруашылығын дамыту тақырыбындағы баспасөз мәслихатында айтылды.

Соңғы 5 жылда балық жіберу көлемі 7 есеге ұлғайды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 10,5 млн данадан (2019 жылы) 77,3 млн данаға дейін (2023 жылы).

– Осы жылдың көктемінде балық шаруашылықтары су айдындарына 25,4 млн дана ақсақа шабақтарын жіберді. Сонымен қатар ағымдағы жылдың маусымында «Ост фиш» ЖШС 500 дана біржылдық Сібір бекіресі шабақтарын Қара Ертіс өзеніне жіберді, – дедіЗайсан-Ертіс облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясының басшысы Талғат Рахымжанов.

Балықтандыру күз мезгілінде жалғасады. Су айдындарына негізінен сазан, тұқы, ақ амур, ақсақа сияқты құнды балық тұқымдары жіберіледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу