KZ
Өскемен
+35°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
464.72 496.32 5.4

Су айдындарына көктемгі балық жіберу жұмысы жүргізілді – ШҚО

Фото: gov.kz

24.04.2023, 13:25 203

Балық шаруашылығын дамыту, ұйымдар мен кәсіпорындар келтірген зиянды өтеу, мемлекеттік тапсырысты орындау мақсатында облыстағы су айдындарына балық жіберу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 
15 сәуірде Бұқтырма су қоймасында көктемгі балық жіберу жұмыстары басталған. Бүгінгі күнге дейін 19 млн дана дернәсіл жіберілді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. 
Негізінен, су айдындарына балықтың сазан, тұқы, ақ амур, ақ сақа тұқымдас түрлері жіберіледі. 
Мамандардың  мәлімдеуінше, бюджет қаражаты есебінен мұндай шаралар қабылдау халықтың әлеуметтік және экономикалық мәселелерін шешіп, әл-ауқаттың жақсаруына және саланың дамуын жоспарлауға оң ықпал етеді. 
Бұл шара ақ сақа түрінің популяциясын құруға және Ертістегі экожүйені тұрақтандыруға бағытталған. 
Шара қорытындысы мамыр айында белгілі болмақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив