KZ
Өскемен
-6°
облачно с прояснениями жел 8 м/с, ОШ
516.93 542.52 4.98

Әскерилердің әлеуметтік қамтылуы

6.11.2024, 16:30 127 Гульжан Мусина

Әрбір әскери қызметшіге коммуналдық төлемдерді төлеу жөніндегі келісімшарт бойынша уәкілетті органдардың бірінші басшылары айқындайтын тәртіппен еліміздің заңнамасында белгіленген мөлшерде ақшалай өтемақы төленеді. Сонымен қатар ел іргесінің тыныштығын күзетіп жүрген азаматтар үйленіп, балалы болса, мемлекет тарапынан 70 788 теңге төленеді. Ал туғандарынан айырылған жағдайда көмек ретінде 123 879 теңге беріледі. Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ жасына немесе денсаулық жағдайына байланысты бұл қызметтен босатылған адамдар тегін медициналық көмек алуға құқылы. Әскерилердің балаларына балабақшадан орын бірінші кезекпен беріледі. Мұның барлығы ел қорғанындағы құрметті қызметке тиісті көрсетілетін әлеуметтік қамсыздандыру. 
Ағымдағы жыл басынан бері «Әскери баспана» бағдарламасы бойынша осы бөлімде қызмет атқаратын 200-ден астам адам тұрғын үйге қол жеткізген.


Ажар Сағатбекова

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу