Әскерилерге мемлекеттен қандай әлеуметтік жеңілдіктер қарастырылған?
Фото: time.kz
Әскери қызметшілерге әлеуметтік, медициналық, қаржылық көмек және тұрғын үй бойынша көптеген жеңілдік қарастырылған.
99230 әскери бөлімі ҚР азаматтарын Аумақтық қорғаныс әскерлері қатарына келісім шарт бойынша әскери қызметке шақырады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыру
- Тұрғын үйге мұқтаж деп танылған әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне ағымдағы тұрғын үй төлемдері бойынша отбасының әрбір құрамына 45000 теңгеге дейін төленеді
- 45 жасқа толғаннан кейін зейнетке шығу;
- Келісімшарт бойынша әскери қызметке түскендерге біржолғы ақшалай сыйақыны 20 лауазымдық жалақыға дейін төлеу (келісімшарт жасау мерзіміне байланысты;)
- Лауазымдық айлық ақыларға экологиялық үстемеақылар; Коммуналдық шығындарды төлеу үшін ақшалай өтемақы төлеу;
- Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін әскери медициналық мекемелерде медициналық қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасының алдыңғы қатардағы санаторлық-курорттық емдеуді ұсыну;
- Әскери қызметшілерге және олардың отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының аумағында жаңа қызмет орыны басқа жерге ауысқан кезде, сондай ақ өз мүлкін басқа жерге тасымалдағаны үшін, көтерме жәрдемақы төлеу;
- Жыл сайынғы негізгі демалысты қызметтік мүдделерін ескере отырып бөліп беру, екі лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыру үшін жәрдемақы төлеу;
- Білім беру мекемелеріне оқуға түсу емтихандарына дайындалу және тапсыру үшін оқу демалыстарын беру.
Оқи отырыңыз