ШҚО-ның Шекара қызметі азаматтарды жұмысқа шақырады
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті ШҚО бойынша департаменті келісімшарт бойынша әскери қызметке әр түрлі лауазымдарға қызметке шақырады.
Келісімшарт бойынша әскери қызметке алғаш кіретіндер немесе сарбаздар (матростар) құрамының және кіші сержанттық құрамның лауазымдарына тағайындалу үшін - жиырма бес жастан аспайтын мерзімдік әскери қызметті өткергендер болуы шарт.
Егер шекара қызметіне жұмысқа тұрсаңыз, нормативтік құжаттарға сәйкес, әскери қызметкерлерге белгілі бір жеңілдіктер қарастырылған:
- орташа жалақы лауазымға байланысты 100 000 теңгені құрайды, 2021 жылдың қаңтарынан бастап жалақы өседі;
- жыл сайын демалыс беріледі және шамамен 200 000 теңге көлемінде сауықтыру көмегі төленеді;
- арнайы норма бойынша киім-кешекпен қамтамасыз етіледі;
- жоғары әскери оқу орнына түсуге мүмкіндік болады;
- іссапар кездерінде іссапар шығыны төленеді;
- тұрғын үймен қамтамасыз етіледі (ай сайын тұрғын үй төлемдері төленеді - 24 786 теңге).
Толығырақ ақпаратты және керекті құжаттарды жинау тізіміні келесі мекенжайда ала аласыз:
ҚР ҰҚК ШҚ ШҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ, Өскемен қ., Чернова к-сі 18, телефон: 8(7232) 29-30-61
Алтай ауданы бойынша шекара басқармасы, Семей қ., Школьная к-сі 8, телефон: 8(7222) 30-42-32