Қазақстанның үздік еңбек адамын анықтайтын республикалық байқау өтеді
Қазақстанда еңбекқор азаматтарды қолдау мақсатында «ҚР ҮЗДІК ЕҢБЕК АДАМЫ» республикалық патриоттық байқауы жарияланды. Байқауды «Жаңа Қазақстан» инновациялық орталығы ұйымдастырып отыр.
Бұл байқау өз саласында кемінде 7 жылдық еңбек өтілі бар, кәсіби шеберлігі мен адалдығымен танылған азаматтарға арналған. Негізгі мақсат – елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан мамандардың мәртебесін көтеру, еңбекқорлықты насихаттау және жас ұрпаққа адал еңбектің маңыздылығын көрсету.
Кімдер қатыса алады?
Байқауға Қазақстан Республикасының еңбек нарығында кемінде 7 жылдық тәжірибесі бар, өз ісінің білікті маманы әрі абыройлы азаматы атанған кез келген сала өкілі қатыса алады.
Қатысу шарттары:
- Бірінші кезең – үміткер туралы 2 беттен аспайтын эссе (шрифт – Times New Roman, 14 кегль).
- Арнайы өтінім үлгісін толтырып, astana-20n@mail.ru электрондық поштасына жолдау.
- Өмірбаянды растайтын құжаттар (құрмет грамотасы, алғыс хат, сертификат және т.б.).
- Құжаттарды тапсыру мерзімі – 2025 жылғы 28 ақпанға дейін.
Жеңімпаздар Астанада өтетін салтанатты конференцияда марапатталады. Оларға белгілі тұлғалардың қолынан арнайы марапаттар табысталады.
Өтінімдер қабылдау электрондық поштасы: astana-20n@mail.ru