Өскеменде ауа сапасына әсер ететін қолайсыз метеожағдайлар күтілуде
20 мамыр күні сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін Өскемен қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға (ҚМЖ) байланысты екінші дәрежелі ескерту жарияланды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосферада зиянды заттардың таралуына кедергі келтіретін ауа райы құбылыстарының жиынтығы. Мұндай кезде өнеркәсіптік кәсіпорындардан бөлінетін қалдықтар жер бетінде ұзақ уақыт сақталып, ауаның сапасына әсер етуі мүмкін.
Мамандар мұндай жағдайда халыққа ашық ауада ұзақ уақыт болмауға, денсаулыққа салмақ түсіретін физикалық белсенділікті шектеуге кеңес береді, әсіресе балалар, егде жастағы адамдар және тыныс алу жолдары ауруларына шалдыққандар үшін.