KZ
Өскемен
-3°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
512.81 604.19 6.57

Өскемен қаласы бойынша ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтілуде

pexels.com

25.11.2024, 10:30 369 Төлеуғазы Жансая

«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, алдағы күндері Өскемен қаласында ауа сапасына әсер ететін қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанып отыр.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар дегеніміз не?
Бұл – атмосфералық ауаның төменгі қабатында зиянды ластаушы заттардың жинақталуына ықпал ететін қысқа мерзімді табиғи факторлар жиынтығы. Олардың қатарына:

  • тымық ауа райы,
  • жеңіл жел,
  • тұман,
  • инверсия жатады.

Тұрғындарға ұсыныстар:

  • Көшеде ұзақ уақыт болудан және физикалық белсенділіктен аулақ болыңыз;
  • Мүмкіндігінше терезелерді жабыңыз және үйіңізді желдету үшін ҚМЖ аяқталған уақытты таңдаңыз;
  • Денсаулығыңызға байланысты шағымдар болса, дәрігерге жүгініңіз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу