Күршімдік оқушылар «Алтын қазына» көрме-байқауында жүлделі орын иеленді
Жуырда «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК ұйымдастырған «Алтын қазына» атты көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының республикалық көрме-байқауында Күршім ауданының оқушылары жеңіске жетті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Байқауға еліміздің жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарынан 140 оқушы қатысып, олардың қатарында Шығыс Қазақстан облысының облыстық кезеңнен өткен 7 талантты шәкірт бақ сынады.
Қорытындысында Күршім ауданындағы «Балалар шығармашылық үйі» КМҚК тәрбиеленушісі Жандар Жәңгір І орынға, ал «Н. Островский атындағы №4 Күршім орта мектебі» КММ-нің 10-сынып оқушысы Әзілхан Дильназ ІІ орынға ие болды.
Жазғы демалысын тиімді өткізген жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
фото автордан