Шығыс Қазақстан облысының оқушылары республикалық олимпиадада 4 алтын медаль жеңіп алды
2024 жылдың 26-30 қарашасы аралығында Шығыс Қазақстан облысының оқушылары Астана қаласында өткен ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадаға жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша қатысты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Олимпиаданың мақсаты - ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының дарындылығы мен қабілеттерін анықтау және қолдау үшін оңтайлы жағдайлар жасау.
Қорытынды кезеңде облысымыздың намысын облыстық кезеңнің 23 оқушы- облыстық кезеңнің жеңімпаздары.
Олимпиада қорытындысы бойынша облысымыздың жетістіктер қоржыны 11 медальмен толықты.
І дәрежелі дипломмен және алтын медальдармен Глубокое ауданы Ы. Алтынсарин атындағы Глубокое орта мектебінің 9 сынып оқушысы Шерудило Кирилл (биология); Глубокое ауданы Жаңа Ертіс орта мектебінің 11 сынып оқушысы Қайқпан Абзал (география); Шемонаиха ауданы Д. Карбышев атындағы Первомай жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасының 9 сынып оқушысы Ярков Игорь (информатика); Шемонаиха ауданы И. Астафьев атындағы жалпы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Лисаченко Владислав (математика) марапатталды.
Ал ІІ дәрежелі дипломдар мен және күміс медальдарды қанжылағандар Самар ауданы Ж. Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Шәміл Диана (биология); Глубокое ауданы Верх-Березовка орта мектебінің 11 сынып оқушысы Петров Илья (информатика) болды. Сондай-ақ ІІІ дәрежелі дипломдар мен қола медальдарды олжалағандар да жетерлік. Олар Глубокое ауданы Ы. Алтынсарин атындағы Глубокое орта мектебінің 10 сынып оқушысы Чугунов Владислав (биология); Глубокое ауданы Предгорное орта мектеп-балабақша кешенінің 10 сынып оқушысы Шматов Артем (география); Күршім ауданы Н. Островский атындағы №4 Күршім орта мектебінің 10 сынып оқушысы Құмарбекова Маржан (география); Үлкен Нарын ауданы Қ. Дамитов атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Қайырбекова Жанерке (география); Зайсан ауданы Қаратал орта мектебінің 10 сынып оқушысы Қапезқызы Арай (химия).
ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамотасы Тарбағатай ауданы Қ. Билялов атындағы мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Мұсағалиқызы Айшолпанға (химия), Глубокое ауданы Предгорное орта мектеп-балабақша кешенінің 9 сынып оқушысы Пулькин Степанға (биология), Ұлан ауданы Герасимовка орта мектебінің 10 сынып оқушысы Долгополов Русланға (биология), Күршім ауданы №3 Күршім гимназиясының 11 сынып оқушысы Жампеисов Айбарға (география), Өскемен қаласы № 49 жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы Жармуханбет Нурайға (химия) берілді.
Сонымен бірге С. Демирель атындағы университетінің 100 пайыздық гранты Глубокое ауданы Жаңа Ертіс орта мектебінің 11 сынып оқушысы Қайқпан Абзалға бұйырды.
Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша қорытындысы бойынша ең үздік нәтижелері үшін жалпы командалық есепте Шығыс Қазақстан облысының командасы «Ең үздік олимпиадалық команда» номинациясымен II орынды иеленді.