Нелли Краснобаева: "Этносаралық қатынастар саласындағы ғылыми зерттеулерге назар аудару қажет"
![](/kz/uploads/posts/2023-04/8b2866eb-5bc3-4586-9b49-3589ad07b192.webp)
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXII сессиясы барысында этносаралық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтау аясындағы ауқымды міндеттерге ерекше тоқталды.
Осыған орай Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті жанындағы "Алтайтану" ғылыми-зерттеу орталығының жетекші ғылыми қызметкері, өңірден қатысқан делегат Нелли Краснобаева сарапшылық пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Ғалымның айтуынша, Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXII сессиясында сөйлеген сөзінде өзекті және шешуді талап ететін мәселелер көтерілді. Ассамблея аса маңызды қоғамдық-саяси институт бола отырып, шынайы демократиялық қағидаттар мен құндылықтарды іс жүзінде іске асыратыны және онда одан әрі даму үшін үлкен әлеует қаланғаны атап өтілген.