ШҚО делегациясы Қазақстан Халқы Ассамблеясының XXXII сессиясына қатысты
Елордада 26-27 сәуір аралығында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен "Әділ Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму" тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXII сессиясы өткені белгілі.
Маңызды шараға Шығыс Қазақстан облысының делегациясы арнайы қатысып қайтты, Altaynews.kz.
– Қазақстан халқы Ассамблеясының екі күндік сессиясы кеше аяқталды. Оған құрамында ҚХА-ның 21 мүшесі бар Шығыс Қазақстан облысынан да делегация қатысты. Бұл адамдардың барлығы – облыстық Достық үйінің жанындағы этномәдени бірлестіктердің, "Ақсақалдар кеңесі", "Аналар кеңесі", "Жастар Ассамблеясы" сияқты өңірдің қоғамдық институттарының өкілдері, – деді Шығыс Қазақстан облыстық Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы директорының орынбасары, ШҚО ҚХА еріктілер қозғалысының жетекшісі Равиль Юнусов.
Айта кетейік, сессия екі бөлімнен тұрды. Бірінші күн пікірталас форматында өтіп, қатысушылар тәжірибелерімен бөлісті, өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдарын талқылады. Ал екінші күн іс-шараға қатысушылар мен Қазақстан халқына Президенттің Жолдауы форматында өтті.