Сарапшылар мен белсенділер Өскеменнің экологиялық проблемаларын ортаға салды
Nur Otan партиясының Өскемен қаласындағы филиалы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатынды сараптамалық қоғамдастық өкілдерімен және белсенділермен кездесу өткізді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Кездесу барысында Қазақстандағы ластанған қалалардың үштігне кіретін Өскеменнің экологиялық проблемалары талқыға салынды.
Кездесу модераторы, қоғамдық штабтың мүшесі, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидат Вера Иванова Өскемен тұрғындарының шағымдары, өтініштері қамтыған ластаушы кәсіпорындардың экологиялық шарасы мен ағдарламасы туралы баяндады.
- Қаланың экологиялық жағдайын жақсартатын бағдарламаның негізгі іс-шаралары туралы жариялағым келеді, - деді ол. - Алдағы бес жылда NurOtan партиясы мәліметтерді уәкілетті органға міндетті түрде жібере отырып, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың шығарындылары мен қалдықтарын бақылаудың автоматтандырылған жүйесін пайдалануға ұмтылатын болады. Заманауи сүзгілерді орнату арқылы «Казцинк» ЖШС-нің металлургиялық кешенінде мұржаны қалпына келтіру жоспарлануда, бұл шығарындыларды орта есеппен 12% төмендетуге мүмкіндік береді, оның ішінде күкірт диоксиді шығарындыларының 580 тоннаға, ал көміртегі тотығы шығарындылары 50 тоннаға азайтады. Өскемен титан-магний комбинатында газды тазарту жүйесін жаңарту жобасын жүзеге асырылады
NurOtan партиясы көгалдандырудың бес жылдық және жасыл желектердің дендрологиялық жоспарын құруды талап етеді. Себебі көшеттерді хаотикалық түрде отырғып, дұрыс күтім жасалмай, көпшілігі құрып кетіп жатыр. Шығыс Қазақстан облысының жоғары оқу орындарының бірінің экология және география кафедрасының доценті Сара Бейсембаева өзінің ғылыми әдістемелік әзірлемелерін көптеген жылдар бойғы тәжірибелік сынақтарға сүйене отырып, ағаштар мен бұталардың әр түрлі түрлерінің классификациясы, тазарту әдісін қолдануды ұсынды. Бұл Өскеменнің «жасыл белдеуге» айналуына өз әсерін бермек.
Сонымен қатар қатысушылар бензин мен дизель отынының сапасына мониторинг жүргізу, сондай-ақ қаладағы қоғамдық көлік паркін кең ауқымды жаңарту бағдарламасының тармағын ерекше атап өтті.
- Біз рейдтерді тұрақты түрде жүргізіп, қаратүтіндететін автобустардың иелерін анықтап, оларға айыппұл салып жүрміз, - деп түсіндірді ШҚО Экологиялық қауіпсіздік орталығының директоры Геннадий Корешков. - Бірақ бұл тиімді әдіс демес ем. Жағдайды түбегейлі өзгерту керек, ал бұған көлік паркін толықтай ауыстыру көмектеседі. Келесі жылы Өскеменде Еуропалық қайта құру және даму банкімен ынтымақтастық жобасы бойынша сатып алынған жаңа автобустар пайда болады. «НұрОтан» партиясының сайлауалды бағдарламасында шығарылатын газдардың едәуір төмендеуі, автомобиль жолдарын, көшелер мен өткелдерді кең көлемде жөндеуге мүмкіндік беру жайлы айтылған
Одан бөлек, облыс орталығында батпақты жерлерді жою туралы ұсыныс дау тудырды. Өскеменде мұндай орындар аз емес.
– Мәселен батпақты жерлерді құрғатуға көп уақыт және қыруар қаражат жұмсалады. Негізі батпақ жер асты суларының ластануынан пайда болады. Оларды жойып жіберу мүмкін емес. Бір жерді жапсаң, міндетті түрде басқа бір жерден шыға келеді. Сондықтан болотоларды тазартып, қажет болған жағдайда жағалауын зарарсыздандырып, абаттандыру арқылы қарапайым демалыс орнын жасауға болады, – дейді Шығыс Қазақстан облысы техникалық университетінің ғылыми қызметкері Дәулет Асано
Қалалық партия филиалының сайлауалды штабының өкілдері бұл ұсыныс ескерілетінін жеткізді.
NurOtan партиясының Өскемен қалалық филиалы Сайлау қорының қаражатынан төленген.