KZ
Өскемен
+15°
пасмурно жел 2 м/с, ОБ
440.92 475.36 4.82

Қонақжай отбасы: ШҚО-да ерекше жобаның бірінші кезеңі аяқталды

Фото: Altaynews.kz

1.07.2023, 17:13 543 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-даға тіл үйренуге арналған «Қонақжай отбасы» бағдарламасының бірінші кезеңі өз мәресіне жетті.

Жобаға барлығы 68 оқушы қатысып, 20 күн ішінде Катонқарағай ауданындағы ауылдарда тұрпы, салт-дәстүр, әдет-ғұрыппен танысып қана қоймай, тіл үйренді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Айта кету керек, жалпы еліміз бойынша мұндай жоба ШҚО-да алғаш рет бастау алып отыр.

  "Пилоттық жоба аясында балалар қазақ тілінде жаңа форматта – тілдік ортаға толығымен ене отырып сөйлеуді үйренді. Сондай-ақ балалар үшін өлкенің тарихын, қазақ халқының салт-дәстүрлерін білуге, қазақ халқының аспаптарында ойнауға, асхананың ұлттық ерекшеліктерімен танысуға, жергілікті көрікті жерлер мен тарихи ескерткіштерге баруға мүмкіндік беретін бағдарлама әзірленді.
Катонқарағай ауданының педагогикалық ұжымына әртүрлі формадағы және мазмұнды демалыс ұйымдастырғаны, жазғы демалыстың балалардың денсаулығы үшін барынша тиімді өтуі үшін барлық жағдай жасағаны, рухани, жылы атмосфера құрғаны үшін ерекше алғыс айтамыз", - дейді ШҚО білім басқармасының баспасөз қызметі.

Айта кету керек, пилоттық жобаға Катонқарағай ауданынан 32 отбасы қатысып, балаларды 20 күн бойы қонақ етті.

- Мұнда уақыт өткізген маған қатты ұнады. Үйдегі шаруаларға көмектесіп, ұлттық тағамдар дайындауды үйрендік. Үй жануарларына қарадық, көптеген қызықты жерлерге барып, жаңа достар таптық. Мен осында бірге тұрған досымды қалаға қонаққа шақырдым. Сондай-ақ онымен қазақ тілінде сөйлесіп үйрендім, - дейді жоба қатысушысы Денис Федорченко.

Келесі жылы «Қонақжай отбасы» жобасы оқушыларды жазғы демалысты қызықты әрі пайдалы өткізу үшін қайта жинайтын болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив