KZ
Өскемен
+1°
небольшой снег жел 2,5 м/с, ОБ
494.87 520.65 4.91

Балаңыз қазақша үйренсін десеңіз, жазда "қонақжай отбасына" жіберіңіз

Фото: ашық дереккөз

27.04.2023, 15:51 295

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл Шығыс Қазақстанда пилоттық негізде "қонақжай отбасы" форматында мемлекеттік тілді оқыту жобасы басталады. Балалар қазақ тілін ерекше, бірақ өте тиімді форматта – тілдік ортаға толығымен еніп үйренеді.

Қазіргі уақытта ата-аналарға арналған Call-орталық та жұмыс істейді. Онда балаларды қонақжай отбасыларына жібергісі келетін ата-аналар толық ақпарат ала алады. Белгілі болғандай, бүгінде 25 бала (Өскемен – 12, Риддер – 3, Шемонаиха – 3, Глубокое – 4, Алтай – 3) алдын ала өтінім берген, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Сонымен қатар балаларға өлкенің тарихын, қазақ халқының салт-дәстүрлерін білуге, қазақ халық аспаптарында ойнауға, жергілікті көрікті жерлер мен тарихи ескерткіштерге баруға мүмкіндік беретін бағдарлама дайындалды.

Облыстық білім басқармасы хабарлағандай, мазмұнды бөлімнен басқа, қауіпсіздікті қамтамасыз етудің барлық шарасы ойластырылған. Аудан әкімдігі 20 мамырдан 1 шілдеге дейін жұмыс істейтін арнайы штаб құрады. Штабтың міндеті балалардың қонақжай отбасында болған кезде  қауіпсіздік жағдайларын қамтамасыз ету болып табылады.

Сондай-ақ жобаға осы ауылдарда тұратын педагогикалық колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттерінен еріктілер тартылмақ.

«Осындай пайдалы тәжірибеден өткеннен кейін болашақта олар өздері де осындай жобаларды ұйымдастырушы бола алады. Жобада белгілі бір тілдік білімі мен сөздік қоры бар 12 жастан 14 жасқа дейінгі балалар қатысады. Әрбір бала үшін қабылдаушы отбасына 180 мың теңгеден төленеді», делінген облыс әкімдігінің баспасөз хабарламасында.

Балалардың алғашқы легі биылғы жылдың жазында Катонқарағай ауданының қонақжай отбасыларына қоныстанады. Тұру үшін үш ауыл – Катонқарағай, Өрел және Берел ауылдары таңдалған.

Сонымен қатар іс-қимыл алгоритмі дайындалды, оған сәйкес бұл отбасылар сәуір айының соңына дейін мұқият тексеруден өтеді. 12 мамырға дейін білім бөлімі, балалардың ата-аналары және қабылдаушы отбасылар арасында үшжақты шарттар жасалады.

Барлық балалар қонақжай отбасыларына 10-30 маусым аралығында бір уақытта барады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу