KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 4 м/с, В
481.68 522.48 5

Өскеменде донорлық акция өтті

19.03.2024, 16:10 109 Анель Слямғазықызы

Өскеменде Қан тапсыру орталығында «Наурыз – бейбітшілік пен мейірімділік мерекесі!» атты ұранмен донорлық акция өтті. 

Қан орталығының мақсаты – ең алдымен донор мәртебесін көтеру. Қан тапсырудың қажеттілігін, оның қоғамға қандай пайдасы бар екенін халыққа жеткізу. Орталықта 50-ге тарта адам қан тапсырады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

 – Қанды 2015 жылдан бері тапсырып келе жатырмын. Донация саны оннан асқан болар. Қан тапсыру - менің азаматтық позициям. Қоғам үшін, халық үшін косқан үлесім, - дейді қан тапсырушы  Роза Сүлейменова.

Бұл акцияның басты мақсаты – қан қорын жинақтау. Бұл мейрам күндері науқастарды, жергілікті медициналық ұйымдарды қамтамасыз ете алу үшін қажет. 

-    Ең бастысы – қажетті қан қорын жинақтау. Мейрам күндері науқастарды, біздің медициналық ұйымдарды қамтамасыз ете алу үшін.  Сондықтан қан тапсыру үшін көптеген донорларымыз келеді. Халқымыздың мұндайға бей-жай қарамайтыны қуантады. Сіздің көмегіңіздің арқасында бір адамның өмірін құтқаруға болады. Бүгінгі шараға жалпы 80-ге жуық адам қатысуы қажет. Жиналған 80 доза қаннан біз плазманың 80 дозасын және эритроциттер дозасының бірдей санын дайындаймыз. Қан орталығында қазір құрамында эритроцит бар қан компоненттерінің шамамен 150 дозасы бар. Бұл орта есеппен 70-75 науқасқа жетеді. Бізде алдағы ұзақ демалыс күндері қан қоры жеткілікті, - деді Қан орталығының директоры Светлана Шмурыгина.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив