ШҚО-да құтқарушылар донорлық акцияға қатысты
Фото: ШҚО ТЖД
Өскеменде «Облыстық қан орталығының» ұйымдастыруымен акция өтті.
Төтенше жағдай қызметкерлері үшін бұл шараға қатысу жыл сайынғы дәстүрге айналған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
- Статистикаға сәйкес, әрбір үшінші адамға өмірінде қан құю қажеттілігі болады. 450 миллилитр қан беру арқылы науқастар мен зардап шеккендерге көмектескім келеді. Бұл шараға құтқарушылардың қатысуы маңызды деп санаймын. Донор - бұл өзге жанға өмір сыйлайтын адам. Сондықтан мүмкіндігі бар адамдарды акцияға қатысуға шақырамын, - деді Өскемен қаласының №6 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары Дәурен Сүйінбаев.
Өскемен қаласының №7 өрт сөндіру бөлімінің бастығы Гамзат Бекбосыновтың айтуынша, ол да донорлық акцияның тұрақты қатысушысы.
Айжанат Бақытқызы