Семейде «Қан тапсыр да, өмір сыйла» атты акция өтеді
13 қаңтар күні «Қан тапсыр да, өмір сыйла» атты акция өтеді, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі.
Шараның мақсаты ауыр жағдайда жатқан науқастарға көмектесу. Игі бастамаға «Семей қаласының жастар ресурстық орталығы» мұрындық болған. Қан тапсыру таңертең сағат 08:00 ден түскі 12:00 дейін жүргізіледі. Айта кетейік, аталмыш науқан жыл соңына дейін жалғасады.
Донор болу үшін:
- Сіздің деніңіз сау, ешқандай сырқаттарыңыз болмау керек;
- Кәмелетке толған азаматтар ғана донор бола алады (18 жастан бастап);
- Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіздің болуы шарт;
Мекен-жайы: Сеченов көшесі 4, "Қан тапсыру орталығы".
Оқи отырыңыз