Кәрім Мәсімов қайда? ІІМ басшысы жауабы
сурет дереккөзі: qazweek.kz
Мәжіліс кулуарында ішкі істер министрі Ержан Сәденовке Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтің қайда деген сұрақ қойылды, деп хабарлайды Altainews.kzсайты.
«Ол қайда? Бір жерлерде оның іс-шараларда жүргені түсірілген суреттер бар деген ақпарат болды. Бұл ақпарат қаншалықты шынайы немесе жалған? Неге оның қамауда екенін дәлелдейтін бірде-бір фото немесе видео жоқ?» - деп сұрады журналистер Мәжіліс кулуарында Ішкі істер министрлігі басшысына.
Кәрім Мәсімовке қатысты сот үкімі былтыр 24 сәуірінде шыққан. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 18 жылға бас бостандығынан айырылды.