KZ
Өскемен
+17°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
475.03 517.21 5.44

Кәрім Мәсімовті қамауда ұстау режимі жұмсартылады

Фото: ашық дереккөз

30.05.2023, 12:41 7 576

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасарларын қамауда ұстау режимі жұмсартылмақ.

Құқық қорғау органдары өкілдерінің айтуынша, бұл жағдай еліміздегі заңдық нормалар аясында жүзеге асырылады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– Заң («Кейбір заңнамалық актілерге қылмыстық сот ісін жүргізу, жазаны орындау, сондай-ақ азаптауды және өзге де қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын әрекеттердің алдын алу саласындағы адам құқықтары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» – ҚазТАГ) сотталғандарды жазалау орындарына бөлудің принципті жаңа өлшемдерін қамтиды. Алғаш рет сотталғандар жазасын орташа қауіпсіздік мекемелерінде өтейтін болады, – деді брифингте ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің Арнайы есепке алу басқармасының басшысы Қайрат Асыл. 

Айта кетейік, Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасарлары осы санатқа жатады.

Еске салайық, 2023 жылғы 24 сәуірде Астана соты 175-баптың 1-бөлігі (мемлекетке опасыздық), 179-баптың 3-бөлігі (мәжбүрлеп алып қою) бойынша 18 жылға сотталған ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовке қатысты үкім шығарған. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 362-бабы, 4-бөлігінің 3-тармағы (билік пен өкілеттіктерді асыра пайдалану) бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Оның бұрынғы орынбасарлары Әнуар Садықұлов 16, Дәулет Ерғожин және Марат Осипов 15 және үш жылға сотталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив