KZ
Өскемен
+14°
переменная облачность жел 1 м/с, С
450.79 482.21 5.05

Қазақстанда әйелдер отыратын пойыздар саны көбейеді

Фото: kazlenta.kz

24.05.2024, 21:11 67 Айжанат Бақытқызы

Қазақстанда тек қана әйелдер отыратын пойыздар саны көбейеді, деп хабарлайды Altainews.kz сайты Tengritravel.kz сайтына сілтеме жасап.

Осы жылы мұндай пойыздар тағы үш бағытта пайда болады.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ мәліметінше, 2024 жылдың бірінші тоқсанында 70 мыңнан аса әйел «Әйелдер вагоны» қызметін қолданған. Бұл былтырмен салыстырғанда екі есе көп.

Әйелдер вагоны тағы үш бағытта пайда болады:

№ 354/353 Астана – Семей,
№ 24/23 Ақтөбе – Алматы,
№ 25/26 Алматы – Шымкент.

Қазіргі уақытта 8 бағытта әйелдер вагоны бар:

№ 77/78 Алматы – Маңғыстау;
№ 351/352 Алматы – Өскемен;
№ 45/46 Павлодар – Түркістан;
№ 37/38 Маңғыстау – Семей;
№ 47/48 Атырау – Астана;
№ 33/34 Ақтөбе – Алматы-1;
№ 4/3 Астана – Алматы-2;
№ 71/72 Астана – Шымкент.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив