KZ
Өскемен
+18°
переменная облачность жел 4 м/с, С
447.25 485.18 4.96

«Әйелдер вагондарына» сұраныс екі есеге өсіп отыр

Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі

10.05.2024, 11:12 73 Ержан Әбіш

Жыл басынан бері елімізде 70 мыңға жуық жолаушы «әйелдер вагондарын» пайдаланған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе өсіп отыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

– Қызмет енгізілген сәттен бастап, яғни 2021 жылдың басынан 359 мыңнан астам әйел сапарын ыңғайлы әрі қауіпсіз ету үшін «әйелдер вагондарын» таңдаған, – деп мәлімдейді «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.

Бүгінгі таңда «әйелдер вагоны» 8 жолаушылар пойызы құрамында бар: Алматы – Маңғыстау, Алматы – Өскемен, Павлодар – Түркістан, Маңғыстау – Семей, Атырау – Астана, Ақтөбе – Алматы, Астана – Алматы, Астана – Шымкент.

Айта кетейік, бұл вагондарға билеттер тек әйелдерге сатылады және әйел жолсеріктер жұмыс істейді. Сонымен қатар «әйелдерге арналған вагондарда» жеті жасқа дейінгі ұл балалардың жүруіне рұқсат етілген.

Қазіргі уақытта «әйелдерге арналған вагон» жобасын одан әрі дамыту көзделуде. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив